Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2017

3980

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2017 жылдың  31 мамыр күні Атырау олблысының Жеңіс саябағында саяси қуғын –сүргін заманының тарихта өшпес аты алған қазақтың алаш айбындыларының рухына тағзым етіліп гүл шоқтары қойылды.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз жандардың көз жасы тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Өткен заманның жазалаушылары еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аямаған.  Біздің ендігі жердегі борышымыз – осынау қанқұйлы жылдардың оқиғасын, ондағы жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау және ескерткіш болып қалған бейне беттеріне гүл шоқтарын қою.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне  Атырау облысы әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев қатысты. Қазіргі таңдаға тарихшыларымыздың зерттеулері бойынша  елімізде 2 миллионға жуық адам қазаға ұшыраған. Миллиондаған қандастарымыз жат елдерге босып кеткен. Репрессияда Алаш арыстарынан бастап бүкіл мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ағартушылар қуғынға түскен. Елдің бас көтерер азаматтары жаппай оққа  ұшқан.

Бұл тек қазаққа келген нәубет емес, одан Кеңес Одағындағы көптеген халықтар зардап шекті. Тұтас ұлттар атақоныстарынан күшпен көшіріліп, зұлмат жылдарда 1,5 миллионнан астам адам қазақ даласына жер аударған. 1937 жылдың өзінде ғана 1350 адам репрессияға ұшырап, 300 адам атылған.

Қызыл империяның қаны тамған заманда елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам  азаматтарымыз азап шеккен. 1937-1938 жылдар аралығында 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл күні тек қуған-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді.

Ендігі жердегі біздің мақсатымыз халықтың ұғымын бірлігін нығайту және ұстанымымыз тыныштық жағдайда өмір сүру.

Айтарлықтай орыны бар қазақтың ұлдарының ерліктерін мәңгі жадымызда сақтай отырып кейінгі ұрпақтарға тәуелсіздік тұғырынан қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс деді.

 

Облыс әкімі аппарытын

«Қоғамдық келісім» КММ-нің

баспасөз хатшысы

Кейін қарай