06 Маусым, 2022
781
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Бүгін, 3 маусым күні Алматы қаласы Республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Мұражайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры – Әлия Мұстафина, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы – Ғани Майлибаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Асылы Осман, ақын, «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы – Алмас Ахметбекұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы кітапханасының меңгерушісі – Елена Ағайса және ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы «Ассамблея жастары» мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерге терең құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және бекіту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі Болысбек Батталхановтың құттықтау сөзімен жалғасты.
«Еліміздің басты рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн Тәуелсіз елімізде тұратын халықтың бірлігін, еркіндігін, тарихы мен құндылықтарын бейнелейді. Бірінші кезекте, жастардың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру – басты саяси міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттік рәміздер – ұрпаққа мирас болып қалатын баға жетпес мұра», – деді Асылы Осман.
Жұмыс барысында Қазақстан Жазушылар Одағы кітапханасының қызметкері Макпал Мұхаммедова ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы танымдық презентация жасады.
«Баршамыз үшін Мемлекеттік рәміздер күні патриотизм мен ұлт бірлігі көрініс тапқан мереке ретінде маңызды. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз», - деді Елена Ағайса.
Іс-шара соңында патриоттық ән шырқалып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар өз білімдерін жаңартудың жақсы сәті түскеніне дән ризашылықтарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті