06 Наурыз, 2015
5724
8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан құттықтау!
Құрметті ханымдар!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы - бұл мерекенің орны ерекше. Биыл бүкіл еліміз Конституцияның 20, Қазақ хандығының 550, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығын кеңінен атап өтеді.
Бұл даталы күндердің мәнінде әрбір әйел-аналарымыз үшін маңызды - бейбітшілік пен келісім, болашаққа деген зор сенім жатыр.
Еліміздің Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында тұрақтылық пен келісім, ол әуелі «отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана» - деп айтты. Бейбітшілік - бұл алдымен ата-ана болудың қуанышы, әке-шешелеріміздің денсаулығы мен балалардың бақыты.
Әйелдер - әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету - қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек.
Отбасының ынтымағын сақтаушы аналардың орны қоғамда ерекше. Бірлік отбасынан бастау алады. Сол себепті Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан барлық өңірлерде «Аналар кеңесі» құрылды. Бұл кеңес өз орнын айшықтап, келер ұрпақ үшін тәлім мен тәрбиенің іргесі, берік шаңырағына айналды.
Құрметті аяулы жандар!
Табиғат ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар. Шаңырақтарыңызға шаттық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Арман тілектеріңіз орындалсын.Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолында биік белестерге бірге жетейік!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты