24 Тамыз, 2020
1302
Қарағанды: ҚазАКСР-дың құрылуына 100 жыл толуына орай конференция өтті
Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тамыры тереңде жатқаны мәлім. Соның ішінде Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы ел тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылады. Биыл оның құрылғанына және Қазақ жерінің шекаралық аумағы бекітілгеніне 100 жыл толып отыр.
Осыған орай, Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұйымдастыруымен «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы» туралы тарихи декреттің қабылданғанына 100 жыл! Жер тұтастығына тұтқа болған қайраткерлер» атты республикалық конференция өтті.
Алқалы басқосуға облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкен, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Алаштанушы Мәмбет Қойгелді, жазушы Тұрсын Жұртбай, ф.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Ісімақова, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., профессор, облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі Нұрсахан Бейсенбекова т.б. тарихшылар, басқарма басшылары, облыстық ҚХА мүшелері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.
Ұлтымыздың ұлы жолы, талайлы тағдыры, бай тарихы, бабалар өмірі, елдігіміз үшін күрескен ірі тұлғаларымыздың ғибратты ғұмыры тәуелсіз еліміздің баға жетпес құндылығы. Осынау құндылықтарымызды түгендеу, бабалар жолын жаңғыртып, оларға тағзым ету, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы, сондай-ақ ертеңге үлгі ретінде ұсынар ізгі амалы. Бүгінгі конференция соны мақсат етеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді