
01 Маусым, 2023
393
Ақмол ауылында «Зияткерлік сынып - конструктор» республикалық пилоттық жобасы іске қосылды
2023 жылғы 1 маусымда Балаларды қорғау күні аясында Ақмола облысының Целиноград ауданы Ақмол ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов пен Ассамблея мүшесі Сергей Цырульниковтың қатысуымен үстел үстіндегі зияткерлік ойындарға арналған «Зияткерлік сынып - конструктор» республикалық пилоттық жобасы іске қосылды.
Аталған жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының көмегімен жабдықталған Ақмол ауылының Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде үстел үсті зияткерлік ойындар сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындары арасында үстел үсті зияткерлік ойындарын дамыту, балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру. Келушілер сыныптарда шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойнай алады. Болашақта мұндай сыныптар еліміздің барлық өңірлерінде ашылмақ.
Іс-шара барысында ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар денсаулығы, білімі мен тәрбиесіне баса назар аударатынын тілге тиек етті. “Себебі Қазақстанның болашағы - солар, елдің өскелең ұрпағы.
Сондықтан біз оларға бақытты балалық шақ, дұрыс тәрбие, сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, олардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Әсіресе қолдау шаралары ауылдық жерлердегі балаларға көрсетілуі тиіс.
Міне, бүгін біздің Сергей Цырульников шағын Ақмол ауылында үлкен чемпиондардың басын қосып, үлгі көрсетті! Мүмкін дәл осы жерде, сіздердің араларыңызда еліміздің болашақ чемпиондары өсіп келеді!"- деп сөзін қорытындылады.
Өз кезегінде іс-шараның бастамашысы Ассамблея мүшесі, Гиннестің рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы, халық арасында "қазақ палуаны Серғазы" атымен танымал болған Сергей Цырульников спорттық жобалар аясындағы тың идеяларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
"ҚХА жұмысы, этносаралық қатынастар саласы сияқты, барлық уақытта өзекті және ерекше тәсілдерді талап етеді. Өйткені, елдегі бірлік, бейбітшілік пен келісім халқымыздың басты құндылықтарының бірі. ҚХА қызметінде жаңа бағыттар пайда болып, өзекті және сұранысқа ие жобалар іске асырылып жатқаны қуантады. Мұның бәрі халқымыз үшін!", - деді ол.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктердің өкілдері, ҚХА және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, еліміздің атақты спортшылары Илья Ильин, Айдар Махметов, Абзал Әжғалиев және т.б. қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ақмола облысы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ақмола облысы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті