13 Шілде, 2015
4000
Ақмола ассамблеясы жұмысын барынша жетілдіруде
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Уақыт бір орында тұрмайды, ол біздің алдымызға сараптамалық жұмысты жетілдіріп, мемлекетттік бағдарламаларды жүзеге асыруда халықтың әр табын қатыстыру сияқты жаңа міндеттер қояды», – деп атап өткен болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Уақыт бір орында тұрмайды, ол біздің алдымызға сараптамалық жұмысты жетілдіріп, мемлекетттік бағдарламаларды жүзеге асыруда халықтың әр табын қатыстыру сияқты жаңа міндеттер қояды», – деп атап өткен болатын.
Бұл бағытта біздің облысымызда нақты шаралар қолға алынуда. Бүгінде Ақмола ассамблеясы барлық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, жастар ұйымдары, еңбек ұжымдарымен тығыз қарым-қатынаста. Олармен жұмысты барынша жетілдіріп келеді.
Өңірлік ассамблеяның құрамында 116 елге сыйлы азамат бар. Олар: облыстық, аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми-сараптамалық орталықтың, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, Балалар мен жастар ұйымдары, Халықтық қолданбалы өнер шеберлері қауымдастықтарының мүшелері. Ассамблея мүшелерінің барлығы да аймағымызды мекен еткен этностардың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді.
Қолға алған осы жұмыстарды жетілдіру, жергілікті жердегі жағдайды зерттеу мақсатында облыстық ассамблея хатшылығы түрлі деңгейдегі кеңестердің көшпелі отырыстарын аудандарда өткізіп тұрады. Аталған жиындар барысында өзара сенім мен сый-құрмет жағдайында бірқатар өзекті мәселелер оңтайлы шешімін табады. Бұдан басқа, Ақмола ассамблеясының жұмысын ғылыми тұрғыдан қолдау, этносаралық қатынастарды жүйелі және мақсатты түрде мониторингілеуді ғалымдар, тарихшылар және саясаттанушылардан құралған ғылыми-сараптамалық орталық жүзеге асырады. Орталық мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердегі идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындаған ғылыми-әдістемелік, ақпараттық материалдарды жариялап отырады. Аталған жұмыстардың барлығы да діни экстремизмнің алдын алып, жас ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.
Ұлтаралық татулық мәселелерін жан-жақты, салмақты түрде облыстық ассамблея жанындағы Журналистер клубының мүшелері жариялап отырады. Оған республикалық, облыстық, қалалық газет, телеарна, радиолардың тілшілері мүше. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов осы клубтың кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ассамблея жұмысын көрсетудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айрықша атап өткен болатын. Бұған аталған қоғамдық ұйымның қоғамдық-саяси үрдістердегі рөлінің жеті жыл бұрынғы 25 пайыздан 85 пайызға көтерілгендігі дәлел бола алады. Бұл – этносаралық татулықты сақтаудағы аталған теңдессіз институттың қоғамдағы орнын, деңгейін көрсететін қарқынды өсім.
«Халықтың әр буынына қажетті ақпаратты біздің қалай жеткізетіндігіміз маңызды. Бұл – журналистер үшін бірінші кезекте тұрған міндет, әсіресе, этностық тақырыпта қалам тербеп жүргендер бұған ерекше назар аударулары қажет. Біздің басты мақсатымыз – қарапайым жұртшылыққа түсініксіз, саяси тұжырымдағы ойлардың тігісін жатқыза жеткізу. Тек солай ғана біз өз аудиториямыздың жаппай қызығушылығын оята аламыз», – деген болатын жоғарыда аталған жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының мүшесі Ғаділбек Шалахметов. Ол ассамблеяны әр музыкант өз партиясын жақсы білетін симфониялық оркестрмен салыстырып, олардың бірлесе баршаға түсікті ортақ әуен тудыратындығын тілге тиек еткен еді. Ассамблея да дәл солай бір деммен жұмыс істеуге тиіс. Оған мүшелік ететін халықтардың саны қаншалықты көп болмасын, оның бәрі әр қазақстандыққа түсінікті туындыларды тудыруға тиіс.
Мемлекеттік тіл мен өңірімізді мекен еткен этностардың тілдерін дамыту – облыстық ассамблея жұмысының басым бағыттарының бірі. «Қоғамдық келісім» сарайында тіл меңгерту курстары жұмыс істейді. Бұл бағытта қазақ ән өнерін жан-жақты насихаттауға мүмкіндік беретін «Қазақша караоке» сайысының қатысушыларының саны күн санап артып келе жатқан дәстүрлі байқауға айналғандығын атап өткен абзал. Осы өңірде тұратын 8 этностың тілін үйрететін «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің де шәкірттердің білімдерін жетілдіріп, олардың бойында сол ұлттардың салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттырудағы орны ерекше. Шәкірт демекші, жуырда облыстық «Видергебурт» неміс қоғамы мектепке дейінгі жастағы балаларды қосымша даярлықтан өткізуге мүмкіндік беретін «Вудеркинд» орталығын ашты. Ондағы балғындардың бойына жастайынан жалпықазақстандық құндылықтар сіңірілетін болады. Облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Көкше дидары» атты газетті шығаруды қолға алды.
Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары да жиі ұйымдастырылып тұрады. Аз ғана уақыттың ішінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» республикалық эстафетасы аясында біз «Тайқазанды» ізгі істерге, мейірім шуағына толтырып үлгердік. «Жақсылық жасауға асық!», «Сенің қаныңның бір тамшысында – біреудің өмірі!» қайырымдылық акцияларына да ақмолалықтар белсене қатысты. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» республикалық форумы Көкше жерінде Мемлекет басшысының қатысуымен жоғары деңгейде өтті. «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аймақта үлкен резонанс тудырғандығына тоқтала кеткен жөн. Аталған жобаға облыстағы 37 ұйым мен мекеме қатысып, бір-біріне «Достық кітабын» табыс етіп отырды.
Өскелең ұрпақ өкілдерімен жүргізілетін жұмысқа да біз көп көңіл бөлеміз. Облыстық ассамблеяның жастар қанаты еңбек ұжымдарына барып, этносаралық татулық мәселелерін насихатап, оқушыларды өңірдің шұрайлы аймақтарымен жан-жақты таныстыратын «Менің Отаным – Қазақстан» саяхатын өткізіп тұрады. Халықтық қолданбалы өнер шеберлері де түрлі көрмелерді ұйымдастырып, халықтың қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығын оятуға сеп болуда.
Облысымызды мекен еткен этностардың салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, татулық пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосу мақсатында Көкшетау қаласының мәдени демалыс саябағы мен Достық үйінің алаңында шығармашылық ұжымдарының, этномәдени бірлестіктер мен білім беру, мәдениет мекемелерінің мерекелік концерттік бағдарламалары өткізіледі. «Поющая Полония» поляк әндерінің дәстүрлі фестивалінде облыстық поляк этномәдени бірлестігі өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Биылғы Сабантой барысында Көкшетаудағы татар мәдениетінің орталығы да өзінің ширек ғасырлық мерейтойын тойлады.
Біздің барлығымызды да ортақ Отанымыз – Қазақстанға деген шексіз махаббат, кешегіміз бен бүгініміз, кемел келешекке деген ұмтылысымыз біріктіреді. Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік елдің негізгі іргетасы да осы болса керек.
Аудармасын жасаған: Перизат Бөлекова
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті