29 Мамыр, 2024
250
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
Бүгін Достық үйінде «Ел дамуының негізі - тұрақтылық пен бірлікте» тақырыбында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.
ҚХАА мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысқан сессия жұмысына облыс әкімі, Ақмола облыстық ҚХА төрағасы Марат Мұратұлы Ахметжанов төрағалық етті.
Өз сөзінде Марат Мұратұлы ҚХА ХХХІІІ сессиясында қойылған міндеттерді өңірде орындау барысын айқындады. Елімізде су тасқыны тудырған қиын жағдайда өңірді қамтыған табиғи апат күндері зардап шеккендерге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен еріктілері айтарлықтай көмек көрсеткенін атап өткен М.Ахметжанов көмек қолын созған облыстың барлық қамқор азаматтарына алғысын білдірді.
Облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев Ассамблеяның жұмысы мен этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы баяндады. 2024 жылдың басынан бастап Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық құрылымдарымен бірлесіп 10 000 адамды қамти отырып, 236 іс-шара өткізді.
Айта кету керек, облыста 47 этномәдени бірлестік тіркеліп, оның 19 қоғамдық аккредиттеуінен өткен. Көкшетау қаласының Достық үйінде 17 облыстық этномәдени бірлестіктің кабинеттері орналасқан.
Шара барысында су тасқыны кезінде 58 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсеткен «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Омар Шоназаров, сонымен қатар жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков, ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптама тобының жетекшісі Марат Өтегенов, облыстық Ассамблея мүшелері Зента Цой, Анастасия Ерубаева сөз сөйледі.
Сессия барысында облыстық Ассамблея құрамына өзгерістер енгізу туралы сұрақ қаралып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, облыстық ҚХА жастар қанатының жобаларын іске асыру және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.
Сессия қорытындысы бойынша облыста жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті