23 Қазан, 2018
979
Ақмола облысының тұрғындары «Қазақтану» жобасымен кеңінен танысуда
Ақмола облысының тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ халқының гуманитарлы және адамгершілік қағидаларын, салт-дәстүрлері мен тарихын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасымен кеңінен танысу мүмкіндігіне Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды және Шортанды аудандарының өкілдері ие болды.
ҚХА жобасын жүзеге асыруға негізделген «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ ұйымдастыруымен және ҚХАА-ның, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен тақырыптық іс-шара Ақкөл қаласының №3 орта мектебі ғимаратында өткізілді.
Аудандардан келген түрлі этнос өкілдерінің алдында «Қазақтану» жобасы жөнінде сөз сөйлеген «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов аталмыш жобаның тұжырымдамасы жөнінде айта келе, қазақ халқының жоғары рухани-адамгершілік құндылықтары, ел тарихы туралы мәнді ойларға толы ұлы Абайдың «Қара сөздерінен» мысалдар келтірді.
«Бес асық» ойыны бойынша Қазақстан чемпионы, Көкшетау қаласының №18 ОМ 11 сынып оқушысы Томирис Құсайынова ақкөлдік мектеп оқушыларына арнап шеберлік сабағын өткізді.
ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова өзінің домбырадағы әсерлі ойынымен және жан тебірентерлік әнімен көрермен қауымның жүрегін жаулады.
Сонымен қатар аталмыш іс-шараға «Асық ату» ойыны бойынша бапкер Ақтөре Леспай, облыс орталығы мектептерінің оқушылары да белсенді атсалысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті