28 Қараша, 2016
899
Ақмола облысының жастары Нұрсұлтан Назарбаевқа кітап жолдады!
Көкшетау қаласының қонақжайлы Қоғамдық келісім сарайында 2016 жылдың 27 қарашасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы орынбасарының, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпованың, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямовтың, облыстың мемлекеттік құрылымдары өкілдерінің, Көкшетау қаласының студент жастарының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің елім – Мәңгілік Ел!» жалпы республикалық жастар науқаны өтті.
Науқанның мақсаты – Ақмола облысы жастарының жетістіктерін және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесін көрсету, «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік ел» к 25-летию Независимости РК» кітабын салтанатты жолдау.
Мерекелік іс-шараға бокстың спорт шебері Зарина Цолоева, «Серпін» бағдарламасының қатысушысы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Керімбек Бексұлтан, «Жас Отан» Жастар қанатының белсендісі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілі, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Ислам Байрамов қатысты.
Ақмола облысы жастарының атынан Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған үндеумен Жанайдар Мусин атындағы Қазақ педагогикалық колледжінің 1-ші курс студенті Егор Тихонов және «Орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Виктория Грудина сөз сөйледі.
«Кітап біздің елдің түкпір-түкпірінде болып шықты және Тәуелсіздік мейрамының қарсаңында Қазақстанның ел ордасы Астана қаласында салтанатты түрде Мемлекет басшысына берілетін болады», - деп Қазақстан тәуелсіздігінің лайықты замандастарымен бірге кітапты жолдау бойынша эстафетаны қабыл алған белгілі қазақстандық блогер, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев түйіндеді.
Ақмола облысы әкімінің
аппараты жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ақмола облысы
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32