
29 Мамыр, 2017
816
«Ақмола вагон өңдеу зауыты» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен бірлескен қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің Мемлекет басшысының Жолдауы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды талқылау мәселесіне арналған жиыны өткізілді
2017 жылғы 25 мамырда «Ақмола вагон өңдеу зауыты» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен бірлескен қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің Мемлекет басшысының Жолдауы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды талқылау мәселесіне арналған жиыны өткізілді.
Кезесуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қолдауымен Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Зауыт еңбеккерлері алдында шығып сөйлеген Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә. К. Әлпейісов Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі түйіндері туралы айтып өтіп, келісім мен ұлттық бірегейлікті дамытуға айрықша басымдық берді. Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық диалогты қалыптастыруда басты рөлге ие.
Еңбек ұжымы, қала кәсіпорындарындағы қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелеріне арналған сұқбаттасу алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы бойынша келелі мәселе айтылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Т. Т. Қаскин жиналғандарға Қазақстан Республикасы қоғамының қазіргі кездегі және мемлекеттің сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мәселесіне қатысты реформаларының жүзеге асырылу ісі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі айтып берді. Ол бойынша жемқорлыққа қарсы күресуге байланысты жаңа басымдықтар орын алып, бірыңғай шеп құрылған. Оның ерекше мәлімдеп өткеніндей, қоғам үдерісіндегі сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі қарым-қатынастар ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді.
Кездесу барысында Агенттіктің жұмысы мен күн тәртібінде қозғалған тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы естеліктер таратылды. Сонымен бірге, зауыт цехтарына экскурсия жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді