02 Қазан, 2018
1330
Ақмолалық сарбаздар Қазақстан халқының түрлі тілдерінде ән айтты
Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшеде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орайластырған мерекелік шара өтті.
Аталмыш шара – Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен әскери бөлімшенің бірлескен жобасы. Оған Достық үйі мен әскери қызметкерлер арасындағы вокал шеберлері белсенді қатысты.
«Қазақстанды «халықтар достығының зертханасы» атауы бекерден емес. Мұнда өзіндік дәстүрі, мәдениеті мен салттары бар түрлі этностар өмір сүреді. Біз бір отбасында өмір сүріп, достық тілінде қарам-қатынас жасаймыз», - деген іс-шара жүргізушісі, жедел қызметтегі сарбаз Нұртас Тұрғанбайдың сөздері аталмыш кештің арқауына айналды.
Бұл күні Татьяна Кулыгина, Венера Хан, Оксана Самойленко, Сәуле Лаубаева, Олеся Цыгановалардың орындаған әндерінің әуезділігі, жанды тебірентер ырғағы әскери бөлімше көрермендерін бейжай қалдырған жоқ. Сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚХА жанындағы сүймелдеуші маман Бисара Мәкенованың домбырамен орындаған «Көкшетау», «Бозбала» әндерін жиналған қауым ерекше ықыласпен қарсы алды.
Сарбаздар мен офицерлар алдында «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владлен Погребицкий сөз сөйлеп, Достық үйінің эстрадалық тобының жетекшісі Ираида Пермякова да іс-шараға белсенді түрде атсалысты. Әскери бөліммен белсенді өзара қарым-қатынасы үшін 5510 ә/б тәрбие, әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің аға көмекшісі, майор Өмірбек Сәрсенбаев Ассамблея мүшелеріне алғысын білдірді.
Іс-шара әскери қызметкерлердің әскери міндеттерін абыройлы атқарап қана қоймай, вокалды ән орындау мен Қазақстан халқының түрлі тілдерінде өлең оқитын таланттары бар екендігін аңғартты. Сонымен қатар Отан қорғаушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының әртістерін мерекеге арнап дастархан басына өздері әзірлеген өзбек палауы мен қазақ бауырсағынан дәм татуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті