21 Қыркүйек, 2022
1003
АҚ ОРАМАЛ
2022 жылдың 18 қыркүйек күні Түркістан облысында аналық мейірімнің асқақ үлгісін көрсеткен акция ұйымдастырылды.
“Ақ орамал” атты бұл шараны ұлт пен ұрпақ тәрбиесінің талбесігіне айналған Түркістан халқы шынайы қабылдады. Себебі, қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген ғажайып акцияның мәні де, маңызы да жоғары. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім” мекемесі қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің пәрменді атсалысуымен аталған "Ақ орамал " акциясы айрықша мазмұнда өтті.
ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Төлебекқызы бастаған барша ақ жаулықты аналар Түркістан қаласының көпшілік орындарында әуелетіп ән салып , қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй шертті. Өнерлі аналардын өнерін талайлар тәнті болды.
Болашақ ана болар бойжеткен қыздар өздерінің қос бұрымын өріп, ата-баба салтын көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.
“Ақ орамал” акциясына үлкен-кіші түгел қатысты. Ақ жаулықты әжелерімізде "Ақ кимешекті кір шалмасын " деп кимешек киінді. Ол әжелеріміздің басына сән бергендей болды. Аналарымыз көшедегі жүздескен аналарға ақ орамал сыйлап, сыйластық білдірді.
Қазақ қоғамын анасымен тәрбиелеудің бергенінен берері көп.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні