Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Тамыз, 2016

1057

«Ақ орамал» акциясы қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жалғасты

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қалалық азаматтық халық актілерін тіркеу бөліміне барып, некелерін қиыған жас жұбайларды құттықтады. Іс-шара барысында жас келіндерге ақ орамалдар мен кәдесыйлық киіз үй табыс етілді.

Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова барлық аналар атынан жастарға ақ батасын беріп, «Ақ орамал» акциясының негізіндегі рухани және терең философиялық мағынасы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ,  ақ түс – тазалықтың белгісі, адамның ойының пәктігін, абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі екенін түсіндірді.

Орумбаева А.А.

Смағұлова Н.

Кейін қарай