Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Тамыз, 2016

1077

Ақ орамал акциясы – әркім үшін өзін-өзі тану сабағы

Петропавл қаласының Достық үйінде «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында ерекше нысанда – өзін-өзі тану сабағы  ретінде іс-шара болды.

«Бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін баршамыздың және қоғамның әр мүшесінің жауапкершілігі» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облыстық  ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов сөз сөйледі. Сондай-ақ Қасымхан Қажы «Болашақ ұрпақ жанының жылуын тәрбиелеу», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», Томаш Якубчак «Жер – бейбіт планета» атты дәрістер оқыды.  Іс-шараны «Благоразумие  и диалог, сдержанность и здравый смысл – залог мирной жизни в Казахстане» тақырыбындағы баяндамасымен  Д. Б. Бегалина қорытындылады.

СҚО дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Бағдад Мұқанова:

- Бұл акция бейбітшілік пен бірлікті сақтау үшін күшімізді біріктіруге, нығайтуға шақырады. Сондықтан да тақырып ретінде ақ орамал таңдалды.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы  Күлімкөз Смаилова:

- Бейбітшілік басыңда, көңіліңде, жүрегіңде болу керек. Мен бізге тәлім-тәрбие беретін дін өкілдерін аса құрметтеймін. Біз бүгін рухани тәлімгерден кеңес сұрап отырмыз. Достық үйінің шаңырағы астында бүгін басымыз қосылды. 

Діни наным-сеніміне, тіліне және ұлтына қарамастан бүгінгі таңда қазақстандықтар – бірлігі жарасқан ұлт және олардың басты мақсаты – бейбітшілік.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай