Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2016

793

Ақ орамал» акциясы жалғасуда

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері «Ақ орамал» республикалық акциясы шеңберінде облыстық перинаталдық орталыққа барды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.К.Нүркинаның қатысуымен өтті. Жас босанған әйелдерге бейбітшілік белгісі ретінде ақ орамал табыс етілді.

Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова жас аналарға және кішкентай сәбилерге барлық аналардың атынан ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.К.Нүркина жас аналар мен олардың бүлдіршіндеріне зор денсаулық тіледі, сондай-ақ, оларды бейбіт өмірді қастерлейтін, лайықты азамат етіп тәрбиелеу – анаға байланысты екендігін айтты.

Кездесу жалпы бейбітшілікті сақтауға, дауларды келіссөз жолы арқылы шешуге, барша қоғамды соғысқа, терроризмге, қантөгіске қарсы біріктіруге шақыруға арналды.

А.А.Орынбаева, ЭМБ жұмыстары бойынша бөлім басшысы

Мәтінді аударған – Н.Х.Смағұлова

Кейін қарай