19 Тамыз, 2016
752
«Ақ орамал» республикалық акциясын қолдады
Қарағанды облысының облыстық және қалалық кітапханаларының негізінде Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатындағы республикалық «Ақ орамал» акциясына орай іс-шаралардың өткізілуі басталды.
Елбасының манифестте айтылған идеологиялық маңызды сөзінің міндеттерін насихаттауға колдау көрсету мақсатында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада бірқатар іс-шаралар легі өткізілді.
Ағымдағы жылғы 29 шілде күні кітапхананың оқу залында «Бірлік бар жерде – бейбіт өмір бар» атты кітап пен суреттер көрмесінің тұсаукесері өтті. Аталған іс-шараға «Барс» нашар көретін зағип жандардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа әрі жақсы әдебиеттің тұсаукесері зағип жандарға арналған арнайы ақпараттық-жарнамалық әдіспен жүзеге асырылады. Әрі ең үздік әдебиетті насихаттау барысында, ұйымдастырушылар «Ақ орамал» акциясының рухани және терең философиялық, жалпыұлттық құндылықтар мен жалпықазақстандық тұтастықтың заманға сай маңызының түсіндірілуіне көңіл бөлді.
Сонымен бірге, 10 тамызда түрлі категориялар мен жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетін инклюзивті қоғам өкілдерінің арасында әдеби ақпараттық «Здоровая семья – это модно» байқауы өтті. Байқаудың басты міндеті – жалпықоғамдық, еліміздің және күллі әлем әйелдер қауымының ынтасының бірігуі арқылы бейбітшілік пен тыныштықты және тұрақтылықты сақтау.
Жуырда кітапханада «Под шаныраком мира, единства, труда» ұлттық әдебиет фестиваліне кітап сүйер қауым жиылып, даулы мәселелерді келісім арқылы шешуге, қоғамды соғыс, лаңкестік және қантөгіске қарсы бірігуге үндеді.
Барлық іс-шаралар республикалық «Ақ орамал» акциясын қолдау мақсатында және барлық азаматтардың этникалық шығу тегіне қарамастан бірігуіне, ядролық қару мен жаппай қырып-жою қаруын қолданбау, соғысты жою, бейбітшілік пен келісімді орнатуға бағытталды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті