04 Қараша, 2020
739
«Ақ орамал» жобасы Қызылжармада жалғасын тапты
Қызылорда облысы Қызылжарма ауылдық округінің Мәдениет үйінде Ақ орамалды Аналар сырласу кеші өтті. Оған «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қорының төрайымы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова, облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, округтің аналары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәдениет үйінің концерт залында жалғасқан сырласу кешін Рахима Ахметова бастады.
- Қазақ қызы әрқашан өзінің керемет сұлулығымен, мінез-құлқымен, парасаттылығымен көрінген. Бүгінгі қыз – ертеңгі ұлт анасы. Осы орайда бүгін «Ақ орамал - адалдықтың, инабаттылықтың белгісі» атты кешімізге аналарды шақырып, сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз. «Ақ орамал» жобасы аясындағы бұл мазмұнды шара бұған дейін облыстың 7 ауданында өткізілді. Әрбір кездесу, сырласу кешінде біз қыз баланың отбасындағы тәрбиесі, олардың өмірге бейімделуі, еңбекқор, білімді де әдепті, саналы да сезімтал, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аналардың рөлі, тәрбиенің маңыздылығы туралы сөз қозғаймыз, - деді.
Сырласу кешінде 80 жастағы ақ жаулықты анадан жас келіндерге дейін қазіргі қоғамдағы ене мен келіндердің арасындағы сыйластық, әкеге деген құрмет, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ажырасу сынды тақырыптарға кеңінен тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды.
Жылы жүздесу барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Константин Луца «Отан Ана» әнін орындап, барша аналардың жүрегін тебірентті. Сондай-ақ, «Әжелер» ансамблі, Мәдениет үйінің әншілері де өнерлерін паш етіп, жиылған аналардың зор қошеметіне бөленді.
Мазмұнды өткен кеш соңында ауыл аналары ықылас батасын беріп, ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37