13 Қараша, 2015
1406
А. Островский атындағы орыс драма театрында ұйғыр мәдени күні өтті
Театр фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылып, оған ұйғыр халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетінен сыр шертетін қолөнер туындылары, Қазақстанның дамуына үлес қосқан аталмыш ұлттан шыққан қайраткерлер туралы кітаптар қойылды. Кешке жиналғандар ұйғырдың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Облысымызда алғаш рет тойланып отырған мерекеге Алматы қаласынан келген ҚХА мүшелері «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шаймардан Нұрымов, «Ұйғыр авази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Асматов, республикалық орталық жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Санам Бешірова және Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының әртістері қатысты.
Іс-шарада Шаймардан Нұрымов Елбасының көреген саясаты арқасында Қазақстандағы ұйғырлар өз мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін сақтап, әдебиеті мен өнерін барынша дамытып отырғандығын атап өтті.
- Құрметті бауырластар, біздің Ақ Жайық өлкесіне келгендегі мақсатымыз бұл өңірдегі ұйғырлардың бақытты өмірін көзімізбен көру еді. Тәуелсіздігіміздің, Нұрсұлтан Әбішұлының ынтымаққа негізделген парасатты саясатының арқасында қазақ жеріндегі барлық ұлт-ұлыстар тату-тәтті өмір сүруде. Қазақ пен ұйғыр – мәдениеттері ұқсас туысқан халық. Тіпті ежелден-ақ, қиын-қыстау замандарда қазақтар ұйғырларға қамқорлық танытқан. Біз қазақ елінің мәңгі болуы үшін үлесімізді қосып келеміз және қоса да береміз, — деген тілегін жеткізіп, облыстағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Асиям Үсеноваға ҚХА алғысхатын табыс етті.
Одан әрі Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов ҚХА жылы аясында облыстағы этностар күнін тойлау әлі де жалғасатынына тоқталып, барша отандасымызға жасампаз еңбек пен баянды бақ тіледі.
Облыстағы ұйғыр этномәдени бірлестігі 2003 жылы Нұрахмет Мәсімовтың бастамасымен құрылған еді. Бұл бірлестік ұйғырлардың басын біріктіріп, мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, қоғамдық өмірге белсене араласуға үлес қосып отыр.
Мерекелік кеште ұйғыр театрының өнерпаздары ән шырқап, ұлттық аспаптарында өнер көрсетіп, ұлттық билерін паш етті.
Қазақстанда ұйғыр тілінде бірнеше газет-журнал шығады. Сондай-ақ ұйғыр тілінде оқытылатын 70-ке жуық мектеп жұмыс жасап, ұйғыр ұлттық театры қызмет етеді.
Ләззат Шағатай
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті