08 Қыркүйек, 2016
1062
Ақпараттық семинар өтті
Ағымдағы жылы 7 қыркүйек күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Кәсіби емес медиаторлардың жұмысын ұйымдастыру» атты ақпараттық семинар өткізді.
Іс-шараға Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің басшылары, аудандар әкімдіктерінің өкілдері, Қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарда кәсібіи медиаторлар Нелли Төлегенова «Кәсіби емес медиаторлардың жұмысын ұйымдастыру», Әлия Куртаева «Кәсіби емес медиаторлардың медиацияның әртүрлі салаларындағы жұмыс тәжірибесі» және Атырау қалалық №2 сотының судьясы Зауре Қазақбай «Кәсіби емес медиаторлардың сот органдарымен өзара іс-қимыл жасауы» тақырыбында баяндамалар оқыды. Пікір алмасу барысында баяндамашылар:
- Кәсіби емес медиаторлар немен айналысуы тиіс?
- Олардың өкілеттілігі қандай және олар қандай ауқымдағы мәселелер көлемін қарайды?
- Кәсіби емес медиаторлар арқылы дауларды (жанжалдарды) қалай реттеуге болады және мұндай жағдайда қандай да бір құжаттар рәсімделуі тиіс пе?
- Кәсіби емес медиаторлар медиация өткізу туралы және медациялық келісім туралы шарт жасауға құқылы ма? деген және басқа да сұрақтарға жауап берді.
Кәсіби емес медиаторлардың құқық (ең алдымен азаматтық, еңбек, отбасы және неке) пен психологияның негіздерінен хабары болуы керек. Сондықтан кәсіби емес медиаторларды оқыту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.
Жиын барысында өз ойларын білдірген қатысушылар осындай семинарларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап көрсетті.
Жергілікті Атырау облысытық телеарнасына кәсіби медиаторлар А.Куртаева мен Н.Төлегенова сұхбат беріп, тікелей эфирге қатысты.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті