21 Қазан, 2021
316
А.Сатвалдиев: Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» газеті - тәуелсіздіктің төл құрдасы
Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» газеті - тәуелсіздіктің төл құрдасы. Аптасына үш рет, 14-15 мың таралыммен шығамыз. Оқырмандарымыз - өзбек және тәжік этносының өкілдері.
БАҚ өкілі болғандықтан күнделікті халықтың арасында жүреміз. Қарапайым тұрғындардың қуанышына да, қайғысына да ортақпыз.Қадірлі Президент! Сіздің биылғы Жолдауыңызда қазақстандық өзбектер үшін маңызды бағыт айтылды. Ол – ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығына қатысты жаңа ұстанымдар. Бұл сұрақ өзбек этносының қазақстандық қоғамға тереңірек интеграциялануымен тығыз байланысты. Өзбек халқы Түркістан облысындағы елді мекендерде жинақы қоныстанған. Халықтың тығыз орналасу нәтижесінде еңбек нарығында бәсекелестік тым жоғары болып, жер ресурстарының жетіспеушілігі орын алуда. Халықтың осылайша шоғырлануының бір себебі – этностың өзіндік дәстүрлері мен менталитетіне байланысты. Мысалы, біздің ұлтымызда перзенттері ата-анасынан алыстамайды – бірге немесе көрші қоныстанады. Дегенмен, заман мен уақыт талабына сәйкес біз де өз өмірімізге тың өзгерістер енгізіп келеміз.
Өзбек жастарының тек оңтүстікте тұрақтамай, өзге өңірлерде білім алып, түрлі мамандық иесі атанып, өз орнын табуына жағдай жасалған. Әсіресе, мемлекеттік «Серпін» және «Еңбек» бағдарламалары аясында. Дегенмен, бұл жұмысты табаңдылықпен жалғастыруымыз қажет.
Осы сәтті пайдалана отырып, біздің аға буыннан – жастарды қол астында ұстамай, ақ батасын беріп, өзге өңірлерге жіберуін сұранар едім. Ал облыс жастарына – еш нәрседен іркілмей, өзге аймақтарға батыл қадаммен баруды ұсынамын.
Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич!
Вы поручили пересмотреть механизм выделения пособий гражданам, переселяющимся с юга на север страны, а также возмещать расходы работодателям, нанимающим переселенцев. Эти меры активизируют процесс переселения.
Теперь дело за практической реализацией. Нам важна конкретная информация - в какой области и районе есть такие свободные земли, сколько семей там готовы принять, на какие меры поддержки рассчитывать. И процесс пойдёт.
Мы также надеемся, что начинания наших земляков, переселяющихся в северные области, не разобьются о бюрократические преграды.
Со своей стороны, мы готовы вести разъяснительную работу, начинать со школьников, чтобы заранее ориентировать их к профессии, в какой из регионов Казахстана планировать свой переезд, чтобы там жить и работать.
Тарих – бізге керемет мүмкіндік тарту етті. Ендеше, өз Қазақстанымызды түлетуге баршамыз, барынша үлес қосайық!
Сатвалдиев Алишер,
«Жанубий Қозоғистон» облыстық газетінің бас редакторы
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті