Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Тамыз, 2016

2966

Ақтөбе қаласында «Ақ орамал» акциясы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі самитте жарияланған «Әлем.ХХI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өтуге арналған «Ақ орамал» республикалық акциясы Ақтөбе қаласында бірінші Чернобыл апатын жоюға қатысқан ақтөбеліктерге арналған ескерткіш белгі алаңында өтті. Оған  Ақтөбедегі 19 этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шараға Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Нұршин қатысып, Семей ядролық полигонының зардаптары туралы және қазақ халқының тарихындағы «Ақ орамалдың» мәніне тоқталды. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.К.Шерниязова іс-шараға қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің үндеуін оқып берді. Сол жерде Украиндардың «Оксана» ұлттық мәдениет орталығының мүшелері «Чернобыл» оқиғасына қатысқандарға арналған музыкалық номерді орындады.

Онан кейін үлкен қалалық іс-шара Ақтөбе қаласындағы Жеңіс алауының қасында жалғасты. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова қатысты.

Іс-шараға қатысушылардың атынан «Ақтөбе облыстық Семей ядролық полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Толқынбаев Ақшолпан Иманжанұлы және Семей ядролық полигонының зардаптарынан қайтыс болған жауынгердің анасы Максименко Тамара Павловна сөйледі.

Іс-шараға қатысқан мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұжымдары, ЭМБ-нің өкілдері Жеңіс алауына гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға 2700-ден астам әйелдер қатысты.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай