28 Қаңтар, 2019
1791
Ақтөбе мен Оралда «Сарқыт» айы шеңберінде қайырымдылық шаралар өтті
Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанат залында «Қайырымдылық керуені» республикалық жобасы аясында «Сарқыт» айына арналған «Мейрімділікпен бірлікке» атты шара өтті.
Акция барысында баланың алажібін кесіп, қатысушыларға «тұсау кесу» рәсімі ұсынылды. Бұл рәсім бала тәй-тәй басып, алғаш дүниеге аяқ басқан сәтінде өмірден сүрінбей, елдің азаматы болып өссін деген ырыммен жасалады. Кішкентай ғана Досжан Орынбасардың тұсауын облыстың беделді азаматы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» Камалхан Қуанов кесіп, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, көрермендерге Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұжымы, атап айтқанда «Аққу», «Әлия гүлі» би ансамбльдері мен «Арайлы Ақтөбе» ұлттық аспаптар оркестрі дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ал Орал қаласында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық іс-шаралары «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен жалғасуда.
Бұл жолы жергілікті Қазақстан халқы ассамблея ұжымы облыс орталығындағы мейрамханалардың қолдауымен белгілі тұрағы жоқ азаматтарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығында болып, онда тіркелгендерді кешенді ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Аталмыш шараны «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті