Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Ақпан, 2019

2425

Ақтөбе облыстық ҚХА Байғанин ауданында кешенді іс-шаралар өткізді

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Мейірімділікпен бірлікке» республикалық қайырымдылық жобасы аясында мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында Байғанин ауданында кешенді іс-шаралар өткізді. 

Байғанин аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Жанабай делегацияны 2018 жылы салынған жаңа нысандармен маныстырды. Олардың қатарында шығармашылық үйі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық үй, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған хоккей модулі және аудандық мұражай бар. Делегация секциялар бойынша түрлі мекемелерде жұмысын одан әрі жалғастырды.   

Аудандық мектепте Ақтөбе облысының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н. Барбосынов Карауылкелді аудан жұртшылығымен, мемлекеттік қызметкерлермен, еңбек ардагерлерімен және педагогтармен кездесті. Оның барысында ассамблеяның өткен жылы атқарған жұмысы мен ағымдағы жылдың жоспарымен бөлісіп, Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі тармақтарына да тоқталып өтті.

Аудандық кітапханада «Аналар Кеңесі–ұлағат мектебі» атты кездесу өтті. Әңгіме барысында өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің басты бағыттары айқындалды. Олар: бай отбасылық құндылықтарын сақтау, мәдениет пен дәстүрлерді өзара байыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қыз балалармен жұмыс жасаудың неғұрлым икемді және тиімді әдістерін анықтау.

Техникалық колледжде «Медиация-мәміле алаңы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот аппаратының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және Байғанин техникалық колледжінің оқытушылары қатысты. Форумның модераторы – медиатор Есенбол Азиев өз сөзінде барлық деңгейдегі соттардың шамадан тыс жүктелгенін атап өтіп, медиаторлардың осы мәселені шешуде пайдасы ерекше зор болатынын алға атртты.

Қарауылкелді орта мектебінде «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысыынң өңірлік штабы ұйымдастырған «Ақтөбе жастары жаңғырту жолында» тақырыбында кездесуі өтті. Облыстық ҚХА жанындағы қозғалыс штабының төрағасы Аслан Әбуов аудан жастарын Жастар жылына арналған іс-шараларды ілгерілету бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Кейін қарай