Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Шілде, 2015

1125

«Ақтөбе облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ерлік пен Еңбектің, Достық пен Бірліктің - жеңісі» тақырыбымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференция туралы ақпарат

Ақтөбе облысының ішкi саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Тіл-ұлттық қазына» қоғамдық қоры мен «Қоғамдьқ келісім» коммуналдьқ мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 14 шілдесінде сағат 11.00-де Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ақтөбе облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ерлік пен Еңбектің, Достық пен Бірліктің-жеңісі» тақырыбен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияда тарих ғылымдарының докторы Н.Абдоллаев, философия ғылымдарының кандидаты А.Мұхаметжан, филология ғылымдарының, кандидаты Б.Баймұханов, тарихшы ғалымдар - Ж.Бегімбаева, Г.Қожахметова, Н.Әліқұлова, С.Айгужина, Д.Сарбаев, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Шерниязова, Қоғамдық мекемелер төрағалары Е.Құрманбек, Ғ.Байдербес, М.Сердалиев, О.Припадчев, В.Сурай, Ұлы Отан соғысы ардагері Т.Тухтабаевтар Ақтөбеде құрылған 312 дивизия, 101-бригада, 74-теңіз жауынгерлері бригадаларының, солдаттарымен мен офицерлерінің майдандағы ерлігі, Москваны қорғаудағы табандылығы, Ақтөбе облысы еңбекшілерінің жеңіс үшін тылдағы жанқиярльқ ерен еңбегі, достық пен бірліктің, майдан мен тылдың бірлігі рухани жігер-күштің жеңіске жеткізгенін баяндады. Архивтік деректер келтірді. Конференцияда Ұлы Отан соғысы тарихынан ақтөбеліктердің ерлігін баяндайтын бейнефильм-слайдтар көрсетілді. Патриоттық тақырыптағы, соғыс кезінде шығарылған әндер орындалды.

Конференция әpi мазмұнды, әрі әсерлі, тәрбиесі мол болып, жоғарғы дәрежеде өткізілді.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясының мүшелері, соғыс, еңбек ардагерлері, жастар, әскери ұшқыштар институтының курсанттары, мәдениет, білім мекемелерінің қызметкерлері, солдаттар, этномэдени орталықтар мүшелері, ауған соғысына қатысқандар, ғалымдар шақырылып, барлығы 300 адам қатысты.Конференция баяндамалары жинақ болып шығарылады.

Кейін қарай