20 Ақпан, 2025
216
Ақтөбе облысында ҚХА 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті
19 ақпан күні Ақтөбе облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті.
«Бірлік пен келісімге 30 жыл» республикалық конференциясы аясында ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын, Ақсақалдар және Аналар кеңесін, этномедиацияны дамытудың негізгі аспектілері, сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жастар бастамалары талқыланды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан халқы Ассамблеясы 30жылдығының маңыздылығын атап өтіп, атаулы датаға орайластырылған іс-шараларды сапалы өткізудің, әсіресе XXXIV сессиясы мен ҚХА өңірлік сессияларына дайындықтың маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова Ассамблея қызметінің ғылыми-әдістемелік базасы туралы айтты.
Этномедиация кеңесінің төраға орынбасары, «Парасат» медиация және құқық орталығының басшысы Гүлмайдан Урозбаева «Этносаралық ерекшеліктер және медиация» мамандандырылған курсын таныстырды.
2025 жылғы 19-21 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында этномедиация саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг жоспарланған.
Шаралар аясында Ақтөбе облыстық Ассамблея жастары өкілдігінің жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды.Конференцияға қатысушылар өңірдегі ҚХА жастар қанатының қызметімен танысты.
Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облысындағы іс-шаралары жалпыұлттық бірлік пен этносаралық келісім құндылықтарын ілгерілетудегі маңызды қадам болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19