28 Сәуір, 2019
1662
Ақтөбе облысының әкімі аймақтық ҚХА жұмысымен танысты
Ақтөбе облысының әкімі Ондасын Оразалин аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен танысты.
Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов аймақ басшысына облыста өмір сүретін əр ұлт пен ұлыс өкілдерінің басын қосып, бір шаңырақтың астына жиған «Қоғамдық келісім» КММ-нің тыныс-тіршілігімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарын көрсетті.
Əкімнің Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясын аралаудағы басты мақсаты - облыстағы этномəдени бірлестіктердің, Қоғамдық Кеңес пен ҚХА жанындағы Аналар Кеңесінің жағдайымен танысу болды.
Кездесу барысында Оңдасын Оразалин əр этнос өкілдерінің ұлттық жəдігерлері сақталған мұражайды аралады. ҚХА ғимаратының көрермендер жəне ауқымды мəселелерді талқылайтын мəжіліс залымен танысып, этномəдени бірлестіктердің төрағаларымен жəне ҚХА жанындағы Аналар Кеңесінің мүшелерімен жүздесті.
Сондай-ақ, өңір басшысы ҚХА жанындағы Аналар Кеңесі мен «Ақжелкен» аула клубының ұйымдастыруымен өткізілген «Ою-өрнек - өмірім» атты шеберлік сағатын тамашалады. Тігіншілердің жетекшісі Айнагүл Қадырғалиқызы аналардың өз қолдарымен дайындаған əдемі оюмен тігілген құрақ көрпелерін облыс əкіміне таныстырып өтті.
Сонымен қатар өңір басшысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің барлық қызметкерлері мен ҚХА жанындағы Аналар Кеңесін жəне ЭМБ өкілдерін алда келе жатқан 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті