21 Қараша, 2018
2755
Ақтөбеде «100 жаңа есім» жобасының қатысушылары өздерінің табысқа жету сырларымен бөлісті
Ақтөбе қаласында облыстық Қазақстан алқы ассамблеясы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Рухани жаңғыру», «100 жаңа есім» жобалары аясында «Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» атты тақырыптық кездесу өтті.
Диалогты форматта өткен жиынның қонақтары «100 жаңа есім» жобасының үміткерлер байқауының қатысушылары Айболат Кулатай, Мират Жекеев пен Илиья Цибульский өскелең ұрпаққа қатысты өзекті мәселелерге тоқтап, қатысушылардың сұрақтарына толымды жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Илья өмір сүруге деген құлшынысты музыкаға деген махаббаты шабыттандыратынын айтып, келген қонақтарға «Саржайлау» әнін орындап берді.
Мират Жекеев – шашкадан дүние жүзінің 11 мәрте чемпионы, Қазақстанның халықаралық тұңғыш гроссмейстері, қазіргі таңда Н. Назарбаев атындағы университеттің студенті. Сонымен қатар дойбыдан дәріс беруде.
IT-маман, «ЭВКЛИД» оқу орталығының негізін қалаушы Айболат Кулатай өз сөзінде «қазіргі таңда ескере кететіні – жастардың стартап жобаларына қызығушылығы артуда, еліміздің болашағы үшін ерінбей еңбек ету ғана жарқын болашақтың кепілі бола алатынын» атап өтті.
Іс-шара барысында республикалық «Жаңғыру жолы» облыстық штабының мүшелері мен студенттер қатысушыларға әр түрлі бағытта сұрақтар қойды.
Іс-шара барысында белсенділік танытқан студенттерге жоба үміткерлері өздерінің қолтаңбаларымен кітаптарды сыйға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы