20 Қараша, 2018
1079
Ақтөбеде 17 адамды құтқарам деп мерт болған дәрігер Мадина Букееваны еске алуға арналған шара ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Шатлык» татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен төтенше медициналық дәрігер Мадина Букееваны еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Сол жерде тақырыптық көрме ұйымдастырылып, арнайы бейнеролик көрсетілді. М. Букеева көп жылдар бойы татар-башқұрт этномәдени орталығының мүшесі болып, ансамбльде ән айтты.
«Сол кездері дәрігерлер еш ойланбай батылдықпен, адамдардың өмірін сақтап қалды», - дейді Аналар Кеңесінің мүшесі, «Шатлык» татар және башқұрт этномәдени бірлестіктің мүшесі Рамзия Есембаева. Сондай-ақ, аналар кеңесі төрағасы, жастар да өз кезегінде сөз сөйлеп, батыл дәрігерді еске алды.
М.Букеева 14 жылдан бері жедел жәрдем дәрігері қызметін атқарып, әрқашан адамдарға жақсылық, мейірімділік танытып, кәсібилікке ұмтылды, науқастар мен жедел жәрдем қызметкерлері арасында лайықты беделге ие болған.
Ақтөбе облысы мәслихат сессиясының шешімімен «Оңтүстік-Батыс-1» тұрғын үй ауданындағы жаңа көшелердің біріне М. Бөкееваның есімі берілді.
Қайғылы оқиғада ерлік көрсеткен үш медицина қызметкерінің есімдері жазылған мемориалды тақта Ақтөбедегі жедел жәрдем ғимаратының алдына орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 16 жыл бұрын – 2002 жылы Ақтөбеде ең ірі өнеркәсіптік апат орын алды. Ағынды сорғыш станциясында метан жарылысы болды. Бес медициналық қызметкерден тұратын жедел жәрдем тобы «Ақбұлақ» АҚ зардап шеккендер қызметкерлеріне көмек көрсету үшін оқиға орнына келді. Терең шұңқырдан жарақат алғандарды алып шығып жатқан сәтте метанның қатты жарылысы болып, үш медицина қызметкері сол жерде мерт болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті