18 Қаңтар, 2021
6822
Ақтөбеде «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – бірлік» атты қоғмадық-мәдени іс-шарасы өтті
Ақтөбе қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының ұйымдастыруымен «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегі - бірлік» атты қоғамдық-мәдени іс-шарасы өтті.
Биылғы жаңа 2021 жыл ел егемендігінің тарихы, тұғырлы Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Айтулы дата аясында ұйымдастырлған шараның негізгі мақсаты мемлекетіміздің айбарлы һәм айбынды ел болып қалыптасу жолында кездескен қиындықтары мен жеткен жетістіктерін өскелең ұрпаққа дәріптеу, бір шаңырақ астындағы тұрып жатқан ұлт өкілдерінің бейбіт өмірін насихаттау болды.
Мерекелік шараға Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ж.Төлегенов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Н.Ағниязов, ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева, ҚХА жанындағы барлық Кеңестер мүшелері, ЭМБ төрағалары, «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Е.Құрманбеков ақтөбеліктерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, біздің мемлекет болып қалыптасу мен дамудағы басты күшіміз – бірлік пен татулық екендігін баса айтты. Бірлік бар жерде тірлік те, өсу де, даму да болады деген төраға, бұл шараның жастарға ой салып, оларды отанды сүюге, өз елінің шын патриоты болуға бағытталатындығын айтып, мерейтой аясында жерлестерін 30 жақсы іс, 30 қайырымды қадам, 30 игі бастама жасауға шақырды.
Мәдени шарада Тәуелсіз Қазақстанда құрылған бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстары баяндалып, ортақ шаңырақ астындағы этнос өкілдерінің өмірлері көрсетілді.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығымен «Бірлік» ақсақалдар Кеңесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кеңінен атап өтуге алғашқылардың бірі болып бастау беріп, Ассамблея жанындағы барлық Кеңестер мен өңірдегі ЭМБ орталықтарына жолдады.
Мәдени-сазды шарада «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы, әнші-сазгер, әріптесіміз А.Мәжікбаев пен ЭМБ жанындағы шығармашылық ұжымдар және «Атамекен-Асылым» ансамблінің бірлескен концерттік бағдарламасы қойылды.
Мемлекеттік тілде өткен мерекелік концертте «Оксана» халықтық хоры, «Купава» фолк-модерн тобы, «Дэш» сыған ансамблі, «Святло» поляк ЭМБ-нің мүшелері әннен шашу шашып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Бағдарламада «Қазақстан кең далам», «Атамекен», «Өз елім», «Саржайлау», «Арайлы Ақтөбем», «Дударай» секілді халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.
Іс-шарада «Купава» фолк-модерн тобы, «Оксана» халықтық хоры, «Атамекен-Асылым» ансамблі «Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің басшысы А.Купеновтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстандықтар үшін ең ұлық мерекеміз саналатын Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткен мәдени іс-шараның соңында достығы жарасқан 17 ұлт өкілі мемлекеттік туды көкке көтеріп, ЭМБ жанындағы шығармашылық ұжымдардың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
вчера, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды