Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2021

752

Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды

Ақтөбе облысының ҚХА ғимаратында «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ-нің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік татар тағамдары күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.


Мерекелік шара «Язгы Моңнар» халықтық би-ансамблінің орындауындағы «Тыпыр-тыпыр» биімен басталды. ЭМБ жанындағы «Ак калфак» әйелдер клубының жетекшісі Рамзия Есенбаева бұл күннің шығу тарихына тоқталып, мерекенің маңызы туралы айтып өтті.


Іс-шара барысында ЭМБ мүшелері «татарша урама» дайындаудан шеберлік-сағатын өткізді. Сол сияқты «Шатлык» ЭМБ-нің мүшелері арасында «Татар асханасы» көрме-байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар татар халқының «Чәк-чәк», «Кыстыбый», «Эремчекле бәлеш», «Күрәгәле бәлеш», «Кош теле», «Гөбәдия», «Бавырсак», «Зур бәлеш», «Вак пәрәмәш», «Кабак бәлеше», «Эчпочмак», «Пехлеве» т.б тағамдары мен тәттілерін таныстырды.

Бұл шарамен қоса ҚХА ғимаратының концерт залында «Славяне» ЭМБ-нің жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің атым – халық» атты кеші өтті.


Жыр кеші ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған деректі бейнематериалмен басталды. Іс-шарада «Славяне» ЭМБ-нің өкілдері ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқыды. ЭМБ жанындағы шығармашылық ұжымдардың мүшелері қазақ тілінде патриоттық әндерді орындады. «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Сания Жарықова шараға белсене қатысқандарға алғысхаттар табыстады.

Сол сияқты ҚХА ғимаратында «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баба Марта» немесе «Мартеница күні» деп аталатын болгар халқының көктемгі мерекесіне орай іс-шарасы өтті.


Көктемгі мереке қарсаңында өткен шараның негізгі мақсаты – болгар халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Іс-шара барысында ЭМБ-тің мүшесі Маринова Ольга «Баба марта» немесе «Мартеница күнінің» пайда болу тарихына тоқталып, бейнематериалдар көрсетті. Ол өз сөзінде: «Баба Марта мерекесі – болгар халқының ең басты мейрамдарының бірі. Бұл күн қыс мезгілінің аяқталуы мен шуақты көктем мезгілінің жеткенін білдіреді. Болгарлар бұл күні мерекенің басты белгісі ақ-қызыл жіптен «мартеница» жасап, қолдарына немесе жейделеріне тағып жүреді. Ол көз тиюден, жаман аурулардан сақтайда деп сенеді», - дейді.


Одан әрі шарада ЭМБ мүшесі Киося Алена балаларға «Мартеница» жасаудан шеберлік-сағатын өткізді.

Кейін қарай