15 Желтоқсан, 2020
826
Ақтөбеде «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері бірқатар марапаттарға ие болды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшы-мамандары мен техникалық бөлімнің қызметкерлері бірқатар марапатқа ие болды.
Мерекеге орайластырылған іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Нұрхан Ағниязов мекеме қызметкерлерін егемендігіміздің айғағы болған Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өміріміздің ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізді.
Одан әрі, мекеме басшысы азаттықтың ақ таңы Тәуелсіздік күнімен қатар келген «Эллада» гректер этномәдени бірлестігінің төрағасы Ираклий Козьмовты туған күнімен құттықтап, ел игілігі мен пандемия кезінде көрсеткен ізгі амалдары, жасаған қайырымдылығы үшін алғысын білдірді.
Бұдан соң, Нұрхан Сабыржанұлы әріптестерімізге Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Купеновтың Алғыс хаты мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрайымы Мұхтарита Сағындықованың Құрмет грамотасын табыстады.
Мереке қарсаңында марапатқа ие болып, алғысқа бөленген әріптестеріміздің қатарында А.Мажикбаев, А.Имағамбетов, Б.Мыңтай, Ж.Нургалиева, С.Анешова, А.Сабиева, М.Токбанов, Е.Азиев, В.Урвант, Н.Сейтекенова, А.Қилыбаева, Г.Даулетова, Е.Пугина болды. Басқарма басшылары есімдері аталған қызметкерлерге өз жұмыстарын адал атқарып, көрсеткен кәсіби қызметі үшін ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32