15 Желтоқсан, 2020
700
Ақтөбеде облыстық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» КММ мен Ақтөбе облыстық ҚХА-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік елдің тұғыры» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Өңірдегі түрлі этнос өкілдері мен ассамблея мүшелерінің басын қосқан шараның негізгі мақсаты – еліміздің ең ұлық мерекесі – тұғыры биік Тәуелсіздік күнін кеңінен атап өту, сондай-ақ мерекеге орайластырылған облыстық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау болды.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің концерт залында өткен бұл шараға Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Купенов Айбек Мұратқалиұлы қатысып, қатысушыларды мерекемен құттықтай келе, Тәуелсіздік күнінің маңыздылығына тоқталып өтті.
Одан әрі басқарма басшысы еліміздегі қоғамдық келісімнің нығаюына, ұлттар арасындағы бірлікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Аналар Кеңесінің төрайымы Ж.Қалиева мен Медитаорлар Кеңесінің төрағасы С.Балпеисоваға облыс әкімінің арнайы алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ мен өңірлік Ассамблеяның қараша айында ұйымдастырған қазақтың ұлы ақыны, сазгер А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Көзімнің қарасы»атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен облыстық ән байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша 14 жасқа дейінгі қатысушылар арасында І орынды - Чустиль Анна, ансамбльдер арасында І орын – «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ-нің «Язгы Моннар» халықтық ансамбліне, ересектер арасында жүлделі І орынды – «Оксана» украиндер ЭМБ-нің мүшесі Хлесткина Лилия Викторовна иеленді. Сонымен қатар, байқаудың арнайы жүлдесі «Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйінің» халықтық «Поющие руки» ансамбліне табысталды. Ал, «Көзімнің қарасы» облыстық ән байқау-фестивалінің Бас Жүлдесі – Ақтөбе облыстық сығандар диаспорасының мүшесі Беджа Калмыковқа бұйырды.
Қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосып, Абай әндерін қазақ тілінде нақышына келтіріп орындайтын Беджа Калмыков мерекелік шара барысында «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.
Биыл елімізде Абайдың 175 жылдығына арналған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Ұлы ақынның ұлы жолын насихаттауда өңірдегі Ассамблея өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің де атқарған жұмыстары орасан зор. Соның бірі «Абай әлемі» тақырыбында ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқудан этнос өкілдері арасында облыстық байқау. Байқау қатысушылары да дәл осы күні марапатқа ие болды.
«Абай әлемі» байқауының жеңімпаздарын Ақтөбе облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы тапсырды. Аталмыш байқаудың Бас жүлдесін – Ақтөбе қаласындағы №11 мектеп – гимназиясының әлеуметтік педагогы Головнева Инна жеңіп алды. Қара сөз оқудың қас шебері атанған Инга Абайдың он бесінші қара сөзін көрермендерге мәнерлеп оқып, көптің қошеметіне бөленді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Медиация саласына қосқан үлесі және белсенді атқарылған жұмыстары үшін «Қазақстан халқы Ассмблеясының Үздік медиаторы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының Үздік медиация кабинеті» облыстық байқаулардың жеңімпаздарын облыстық Медиаторлар Кеңесінің төрағасы Балпеисова Светлана Асылгиреевна құттықтады.
Салтанатты шарада «Вайнах» шешендер ЭМБ-нің төрағасы Сагаев Хасан Юсупович барша ақтөбеліктерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ата-бабаларымыз аңсап кеткен азаттықтың бізге оңай жетпегінін, еліміздің егемендігі мен тыныштығын қадірлеуіміз керектігін баса айтып өтті.
Айбынды, азат еліміздің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты «Қоғамдық келісім» КММ әншілерінің орындауындағы еліміз мақтан тұтатын сазгерлер Қанат Айтбаев пен Аймұрат Мәжікбаевтың бірлескен туындысы «Достық» әнімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті