28 Қараша, 2019
1968
Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті
Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этносаралық татулықтан – жалпыұлттық бірлікке» атты ХХІІI сессия жиыны өтті.
Жиында Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қорғанбаева өңірлік ҚХА-ның 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап өтті.
Сондай - ақ, поляктардың «Святло» Ақтөбе облыстық этномәдени бірлестігінің өкілі Надежда Степаненко, Еуропалық медиаторлар Ассоциациясының құрметті мүшесі, «Ақтөбе облысы медиаторлар Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Балпеисова, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штаб төрағасының орынбасары Алданазар Жаханов, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қоғамдық келісім, ұлттық бірлік туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
«Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі. Ақтөбе облысында 90-нан астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып, мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді»,-деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы облыстағы ҚХА Алға, Темір, Әйтеке би аудандарының ардагерлер, аналар, қоғамдық келісім Кеңестерінің, этномәдени мүшелерін, жалпы 7 азаматты алғыс хатпен марапаттап, Ақтөбе облыстық ҚХА ресми мүшелігіне өткен 4 азаматқа куәлік табыстады.
Жиынның ресми бөлімінен соң, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығының ашылуына арналған «Елбасы – Ассамблея тарихы: бейбітшілік пен келісімнің шежіресі» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті