08 Ақпан, 2021
683
Ақтөбеде «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті
Ақтөбе қаласының ҚХА ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Шатлык» татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің мерекелік іс-шарасы өтті.
Аталмыш шараға Ақтөбе облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева, Аналар Кеңесінің төрайымы Ж.Қалиева, өңірдегі этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ-нің шығармашылық ұжымдары, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сарапшы-мамандары, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын кеңінен атап өту арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шараның шымылдығы Л.Сафинаның орындауындағы «Туған жер» әнімен ашылды.
Мерекелік бағдарлама барысында «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихына кеңінен тоқталып, еліміздің дамуында Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызын айтып өтті. Тәуелсіздік құрдастары М.Құпжанов пен А.Имамбаева жастарды білім алуға ұмтылып, өз елінің шын патриоты болуға шақырып, ақ тілектерін білдірді.
Одан әрі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева залға жиналған қонақтарды мерекемен құттытап, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры биік, бірлігі бекем болсын деген тілегін айтты. Шарада «Шатлык» ЭМБ жанындағы «Ақ калфак» әйелдер клубының мүшелеріне облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ел бірлігі мен ұлттар татулығын дамытуға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаеваның алғыс хаты табысталды. Марапатқа ие болып, еңбектері бағаланған клуб мүшелерінің қатарында А.Хасипова, З.Зилятдинова, Н.Исхакова, Д.Масягутова, Р.Надрышина, Г.Иванова, Р.Мухамедьярова, Г.Зейнетова бар.
Мерекелік шарада «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ жанындағы шығармашылық ұжымдарының орындауында «Мереке», «Бақытты бала», «Чак-чак», «Гульназира», «Кышкы романс», «Авылыма кайттым», «Алдым кулга думбыра» т.б әндері мен «Әбинең сандыгы», «Тыпыр-тыпыр бииргә», «Парлы бию» т.б билері орындалды. Сонымен қатар, Мәртөк ауданынан арнайы келген «Умырзая» халықтық ансамблі де әннен шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара «Шатлык» ЭМБ орындауындағы «Әйдә, гармун, уйна» әнімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32