28 Мамыр, 2019
2851
Ақтөбеде славян мәдениеті мен жазбасы күні аталып өтті
24 мамырда аталып өтетін Славян мәдениеті мен жазбасы халықаралық мерекесі (әулие Кирилл мен Мефодия күні) Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында қазақтың күйі, орыстың здравницасымен әуендетіп, қазақтың бауырсағы мен орыс каравайымен думандатып атап өтті.
Жоғарпы меймандардың қатарында Ресей Федерациясының Орал қаласындағы вице-консулы Владимир Волков болды.
«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытгүл Снабаева қонақтарды Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен таныстырып өтті.
Одан кейін «Қазақстандық қоғамдағы орыс тілінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Облыстық ҚХА жанындағы «Славяне» Ақтөбе өңірлік орталығының 2019 жылғы қызметі туралы аталмыш этномәдени бірлестіктің төрағасы Владимир Гуменный баяндап берді.
Оның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта ЭМБ жанында «Русская песня» халықтық хоры, «Радуга Престиж» халықтық би ұжымы, «Купава» фолк-модерн тобы, «Коляда» фольклорлық ансамблі, «Ладушки» фольклорлық ансамблі, «Алые паруса» театр студиясы, «Сударушки» вокалдық тобы, қоян-қолтық ұрысты оқыту бойынша «Русский стиль» спорт секциясы, «Ирбис» іздеу жасағы жұмыс жасайды.
Одан әрі атаулы күнге байланысты шара ҚХА ғимаратының акт залында «Ақтөбе өңірлік «Славяне» орталығының, украиндардың «Оксана», сығандардың «Дэш» этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты