18 Сәуір, 2019
2040
Ақтөбедегі аты аңызға айналған №22 мектепте ұшқыш-ғарышкер Ю. Лончаковтың жеке партасы орнатылды
Биыл 150 жылдығын тойлағалы жатқан Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде аты аңызға айналған №22 орта мектеп бар. Ол қаладағы 1923 жылдың желтоқсанында құрылған алғашқы кеңестік мектептердің бірі. 1941-1945 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде дәл осы мектепте Мәскеу қаласының қорғанысына қатысқан 312–ші атқыштар дивизиясының штабы құрылған болатын.
Ғарышкерлер күні қарсаңында Ақтөбе облысының ҚХА жанындағы «Славяне» өңірлік орталығы №22 орта мектепте «Гагарин сабақтарын» өткізді. Оның барысында «Славяне» орталығының жетекшісі Владимир Гуменный оқушыларды ғарыш саласымен, сондай–ақ, ақтөбеліктердің осы салаға қосқан үлесімен таныстырды.
Дәл осы мектепте Ақтөбе қаласының мақтанышы, ғарышкер Юрий Лончаковтың жеке партасы орнатылды. Сонымен қатар ғарышкер өзі оқыған білім ордасына альма-матердің 100 жылдығына келуге уәде берді.
Бұл мектептің бірегейлігі – мұнда Кеңес Одағының батыры, ғарышкер Виктор Пацаев пен Ресей батыры, ұшқыш-ғарышкер Юрий Лончаков оқыған. В. Пацаев 1971 жылы түсірілетін аппараттың қонуы кезінде қайғылы қазаға ұшыраған, кейін Ақтөбе қаласындағы орталық көшелердің біріне оның есімі беріліп, Батырдың мүсіні орнатылады.
Ал Ю. Лончаков қазіргі таңда Ресей Федерациясындағы Ю. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының бастығы болып жұмыс істейді.
Ақтөбеде жас ұшқыштардың бірегей мектебі мен Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе әуе күштерінің әскери институты орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті