20 Мамыр, 2016
640
Ақтөбеліктер ашық диктантқа қатысты
18 мамыр күні Ақтөбе қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы ғимаратында «Мәңгілік Ел» актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Ақтөбе қаласындағы ашық диктантты «Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырды.
Ашық диктанттың мақсаты «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы халықтың тілді меңгеруге деген құштарлығын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады. Жалпықазақстандық диктант облыстың барлық қалалары мен аудандарында мемлекеттік тілде өтті.
Жалпықазақстандық ашық диктант жазуға кітапхана залында 72 адам жиналды. Ашық диктантқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, қоғам қайраткерлері мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттері және де ниет білдірген қала тұрғындары қатысты.
Жалпықазақстандық ашық диктантты тексеру комиссиясының құрамына «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова, облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Н.Жұмағұл, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаева, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, диктантты алушы Б.Нұрғалиева, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, журналистер одағының мүшесі Ж.Қабақбаев, «Қоғамдық келісім» КММ маманы Т.Сапаров кірді.
Ақтөбе қаласында қазақ тілінің абыройын көтеріп жүрген Оңтүстік Корея елінің азаматы Сонг Ши Менг атты азамат диктант жазуға ниеттенгені үшін ерекше аталып өтті.
«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
тел.: 8-7132-55-83-42
e-mail: kogamdykaktobe@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
Теміртау қ. «Qarmet» АҚ ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің Ашық есік күні өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті