10 Маусым, 2016
816
Ақтауға Қарамай қаласының делегациясы келді
Жуырда «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы және этномәдени орталық өкілдері «Достық үйінде» Қытай халық республикасы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы Қарамай қаласының делегациясымен кездесті. Достық үйіне бас сұққан қонақтар алдымен дәстүр бойынша, ақтан дәм татып, ас атасы - наннан ауыз тиеді. Өлкеге ат басын бұрған меймандардың мақсаты да айқындалды.
Бүгінде Ақтауда Қарамай қаласының мәдени күндері өтіп жатыр. Меймандар қазақ халқының қонақжайлылығына риза болды. Содан соң, олар «Достық үйіндегі» мұражайда болып, өзге ұлттардың мәдениетімен танысты. Әр этнос өздерінің салты мен ғұрпын таныстырып, қонақтарға ілтипатын білдірді.
Кездесуде тараптар екіжақты бауырластық қарым-қатынастарды тереңдете түсу мен өзара ықпалдастықты арттырып, әріптестік байланыстарды нығайту бағытында бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, қытайлық делегаттар өз өңірлерінің экономикалық, траспорттық-логитикалық әлеуеті жайлы және де алыс-жақын шет ел қалаларымен бауырластық қарым-қатынастары жөнінде де қысқаша айтып өтті.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
ҚХА делегациясы А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен кездесті
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады