Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2015

3096

Ақтауда балаларды қорғау күніне орай асфальтқа сурет салудан жарыс өтті.

        1 маусым Халықаралық Балаларды  қорғау  күніне  орай асфальтқа сурет салудан жарыс ұйымдастырылды. Шараның өтуіне мұрындық болған «Булгар» татар этномәдени бірлестігі мен Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының емханасы. Сайыс нәтижесі бойынша асфальтта жақсы сурет салған балғындарға түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Бағдарлама барысында өнерпаздар танымал мультфильм кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, би билеп балалардың көңілдерін көтерді. Сонымен қатар, балаларға ән мен жырдан шашу да шашылды.

          «Бүгін ерекше күн. Себебі, бүгін балалардың төл мерекесі. Айтулы мерекеде оларға қуаныш сыйлап жатырмыз. Ұйымдастырылған шара бүлдіршіндердің көңілінде ұзаққа дейін сақталатынына сенімдімін», дейді «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Зульфия Бернеева. 

Кейін қарай