22 Сәуір, 2019
1813
Ақтауда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында «Көктем аруы» байқауы өтті
Елбасы Н. Назарбаев жариялаған Жастар жылы мен «Қазақтану» жобасы аясында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында «Көктем аруы» байқауын өткізді.
Сахнаға шығып, сөз алған Маңғыстау облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина байқау қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген мәдени құндылықтарды терең білу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Оған қоса, арулардың өзін-өзі таныстырып, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқуына және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, қазақ тілін дамытуға септігін тигізеді деген сенімде байқауды ұйымдастырушылар. Байқауға ұлттық киім киген алты ару қатысты. Сахнада оларды біріктірген бір нәрсе болды – қазақ тілінде емін-еркін сөйлеулері.
Бірінші орынға «Атамекен» әнін орындап, алға суырылған Роксана Құрбанова ие болды.
Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің атынан шыққан Аида Шарифова ұлы Абайдың адамның рухани, моральдық, отбасылық құндылықтарына, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған қара сөздерін мәнерлеп оқып, екінші орынды місе тұтты.
Нюлифар Базарбаева үшінші орынға табан тіреді.
Сондай-ақ, конкурс барысында қатысушылар өздеріне қойылған сауалдардың мәнін ашып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мол мағлұмат берді. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясының дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті