28 Қаңтар, 2021
584
Ақтауда Холокост және Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алды
Ақтау қаласының Достық үйі ғимаратында «Шолом» еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Халықаралық Холокост және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қасіретті құрбандарды еске алу күніне орай іс-шара өтті.
Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, медициналық колледждің студенттері, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жиында Холокост трагедиясының хронологиясы, Освенцим концлагерінің тарихы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің қайғылы оқиғалары сөз болды. Сондай-ақ, Ақтау қаласының медициналық колледжінің студенттері жан түршігерлік жайттарды сипаттайтын өлеңдер оқыды.
- Қазір біз бейбіт уақытта өмір сүріп жатырмыз. Сол жылдардың қасіретін ұмытпай, қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінбей, тату болуымыз керек. Сұрапыл жылдары қаза тапқан жандар мәңгілік жадымызда сақталмақ, -деді Ақтау қаласының медициналық колледжінің директоры Майя Ханчевская.
«Шолом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаум Холокост тарихтың ең қиын беттерінің бірі екенін айтты.
- Біздің парызымыз — болашақ ұрпаққа нацистік режимнің кесірін айту және бір халықтың екіншісінен «артықшылығы» неге әкелетіні туралы жеткізу, - деді.
Шара сұрапыл жылдардағы қайғылы оқиғалар баяндалған деректі фильмнің көрсетілімімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32