Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Желтоқсан, 2015

1164

Ақтауда Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті

Ақтауда Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті. Тағылымды іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі А.С. Айдарбаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қ. Жүсіпов, этномәдени бірлестіктер төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары, ҮЕҰ, ірі мұнай компанияларының басшылары, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтауда Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті. Тағылымды іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі А.С. Айдарбаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қ. Жүсіпов, этномәдени бірлестіктер төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары, ҮЕҰ, ірі мұнай компанияларының басшылары, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев облыста Ассамблея жылы аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады. «Биыл ҚХА-ға 20 жыл! 1995 жылы негізі қаланған Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде орын алған небір қиын-қыстаулар жағдайлар кезінде бүкіл халықты бірлікке, татулыққа, сабырлыққа, төзімділікке шақырып отырды. Ынтымақпен өткізілген 20 жылдың тарих үшін маңызы зор. Сонымен қатар, биыл Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы сынды айтулы даталар атап өтілді. Бұл мейрамдарды атап өтуге қосқан үлесі үшін облыстың барлық тұрғындарына алғысымды білдіремін», деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, облыс әкімі мемлекеттік мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, барша маңғыстаулықтарды биыл бастау алған «Қайырымдылық керуені» акциясына белсенді қатысуға шақырды.

 

Ш. Есенов атындағы КМТИУ ректоры, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының басшысы Ә.Ботабеков ғылыми-сараптамалық топтың атқарған жұмыстарына тоқталды.

Ал, Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі В.Алиева болса, ел бірлігі мен татулығына тоқталды. «Қазақстан кәрістері» қауымдастығының Ақтау қалалық филиалының мүшесі М.Ли, кең-байтақ Қазақстанды мақтан ететіні туралы айта келіп: «Мен Қазақстан сынды көп ұлтты мемлекетте өмір сүргендігіме қуанамын. Бүгінде 130-дан аса ұлтты бір шаңыраққа біріктірген Қазақстан Республикасы әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп тұр. Бұл біздің Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп білемін», - деді.

  

Сессия барысында «Дағыстан» этномәдени бірелестігінің мүшесі Р.Ахмедханов биылғы жылдың ерекшелігін атап өтті. «Бұл жыл мен үшін де ерекше жыл болды. Себебі, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Сонымен қатар, биыл мен отбасын құрдым. Мен тойыма түрлі этномәдени бірлестіктердегі достарымды шақырдым. Олар мені қуттықтап келіп, ән мен биден шашу шашып, жұртшылыққа қуаныш сыйлады. Мен осындай Қазақстаныммен мақтанамын».

Ал, Түпқараған аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова украиндық ұлы ақын Т.Шевченко мен қазақ халқының байланысы туралы айтты.

Сессияда қатысушылар Мемлекет басшысының атынан берілген «ҚХА – 20 жыл» медальдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында мұнайлы аймақтың өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, жұртшылықты бір серпілтті.

 

Қазіргі таңда киелі Маңғыстау өңірінде 21 этномәдени бірлестік пен 50-ге жуық ұлт өкілі мекен етеді. Аймақта қалыптасқан ұлттар достығының арқасында облысымыз өркендеп, дамып келеді. Біздің ең басты құндылығымыз да – осы ұлттар арасындағы бірлік пен татулық.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай