05 Ақпан, 2019
1383
Ақтауда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде заманауи студенттер жатақханасы пайдалануға берілді
Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында Ақтау қаласында 210 орындық студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.
Үш қабаттан тұратын жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, толық заманауи жиһазбен жабдықталған.
Ашылу шарасында сөз алған облысы әкімі Ералы Тоғжанов: «Студент жастар - еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан 2019 жыл «Жастар жылы» деп белгіленді. Ел жастарын жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Айталық, жастар мәселесін шешуге арналған «Жол картасы» әзірленетін болады. Ағымдағы жағдай бойынша 21244 колледж студенттерінің 11086-сы ауылдық жердің студенттері, оның ішінде 394 студент жатақханамен қамтылған. Қазіргі таңда жатақханаға қажеттілік 1064 орынды құрайды. Сондықтан біз 2021 жылдың соңына дейін студенттерді 100% жатақханамен қамтуды алдымызға міндететіп қойып отырмыз. Осы орайда Үстіміздегі жылы тағы 460 орындық 2 жатақхананы пайдалануға береміз», - деді.
Мемлекет пен жекеменшік әріптестік шеңберінде қайта қалпына келтірілген жатақхана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат бөлінді, оның 100 млн-ы меценат, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Шамсадин Гусейновтың үлесіне тиесілі.
Әрқабатта тұрмыстық техникалармен жабдықталған ас үйлер, санитарлық торап секциялары (дәретханалар, қолжуғыштар, кіржуу, үтіктеу бөлмелері) бар. Сонымен қатар, жатақханада демалыс бөлмелері, оқу залдары орналасқан. Ғимаратта WI FI сымсыз желісі жүргізілген.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26