Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қараша, 2015

1533

Ақтауда «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысы шықты

2015 жылғы 5 қарашада Ақтауда этножурналистика саласында ұйымдастырылған «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды.

2015 жылғы 5 қарашада Ақтауда этножурналистика саласында ұйымдастырылған «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды.

Іс-шара мақсаты – ұлтаралық келісім мен бейбітшілік тақырыбында қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдерін марапаттау. Байқауға 16 журналист 50-ден аса жұмыстарын  ұсынды. Ең үздіктер республикалық байқауда бақтарын сынайды.

 

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова өз сөзінде : «Конкурс өткізу бізде әлеуметтік тапсырыс түрінде өтті. Оны өткізуге өз үлесін қосқан «Тенгри» жастар бірлестігі. Бұл конкурс әділ өтті. Себебі, біздің қазылар алқасы қатысушының аты-жөніне қарамай, тек оның жұмысын оқып баға берді. Байқау нәтижесі бойынша 4 журналист республикалық «Шаңырақ» конкурсына қатысуға жолдама алды. Біз оларға тек сәттілік тілейміз»,-деді.

Конкурс 5 аталым бойынша өткізілді. Олар: «Ең үздік мақала», «Ең үздік видоматериал», «Ең үздік фото», «Ең үздік видеосюжет» және «Ең үздік интернет материал».

Байқау қатысушылары мен жеңымпаздарына мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

 

Маңғыстау облысында этножурналистика саласында өткізілген «Шаңырақ» байқауына қатысқан төмендегі БАҚ өкілдері марапатталды.

1. Тамара Степанова «24 кз» телеарнасының тілшісі

2. Гүлмира Әбішева «Хабар» телеарнасының тілшісі

3. Сағира Досанова «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшісі

4. Ольга Золотых «Тумба» газетінің тілшісі

5. Еркеш Нәрембаева «Маңғыстау» газетінің тілшісі

6. Ханым Қуатова «Маңғыстау» газетінің тілшісі

7.Саламат Бекбаев «Хабар» телеарнасының видеоператоры

8. Аягөз Ізбасарова «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшісі

9. Гулзада Изденова, Тілек Файзуллин, Қаламқас Ерходжаева «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшілері

10. Салтанат Айтжанова «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшісі

11. Аягөз Абдрахманова «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшісі

12. Талант Құсаин «Маңғыстау» газетінің фототілшісі

13. Серік Майемеров «Маңғыстау» газетінің фототілшісі

14. Маржан Төкенқызы «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшісі

15. Жәмила Қибасова «Қазақстан – Ақтау» телеарнасының тілшісі

Республикалық конкурсқа жолдама алған тілшілер тізімі:

1. Тамара Степанова «24 кз» телеарнасының тілшісі

2. Гүлмира Әбішева «Хабар» телеарнасының тілшісі

3. Ольга Золотых «Тумба» газетінің тілшісі

4. Ханым Қуатова «Маңғыстау» газетінің тілшісі

  

Кейін қарай