09 Наурыз, 2022
466
Ақтауда сот алқасы мен ҚХА құрылымдары арасында меморандумға қол қойылды
Ақтау қаласының Достық үйінде Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары: Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Билер кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Жастар ассамблеясы және этномәдени орталықтар арасында меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қолайлы құқықтық орта құруға ықпал ететін «отбасылық сот» жобасын жан-жақты дамыту және енгізу жөніндегі өзара іс-қимылын нығайту мақсатында қол қойылды.
Меморандумға қол қоюға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мен Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Гүлажар Бақытжанова қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының бірлескен жұмысының міндеті мемлекеттік отбасылық саясатты дамыту, отбасы институтын нығайту, отбасы және неке, құқықтық мәдениет мәселелерінде халықтың білімін арттыру, сондай-ақ азаматтық істерді жедел қарау, қоғамдық институттарды, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту қажеттілігі болып табылады.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін аналар Кеңесінің, медиация Кеңесінің, ардагерлер Кеңесінің мүшелері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шараға шақырылды. Ардақты ханымдарға мерекеге орай гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті