15 Қараша, 2021
617
Маңғыстау облысының Достық үйінде "Бірлік" республикалық жастар лагері өтті
11 қараша күні «Достық үйінде» еліміздің әр түкпірінен жастардың басы қосылған жиын өтті. Шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Аманкүл, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық жастар қозғалысы «Жаңғыру жолы» төрағасының бірінші орынбасары, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев, облыстық мәслихат депутаты, Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбай, Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, МО ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Беляева Ирина,Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Қызылжар-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, «Жаңғыру жолы» Солтүстік Қазақстан облыстық жастар козғалысының мүшесі Сабитов Салимхан, Ақмола облысы Көкшетау қаласының Біржан Сал атындағы музыкалық колледжінің студенті, «Жаңғыру жолы» Ақмола облысы жастар қозғалысының мүшесі Борисовский Роман, Маңғыстау облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы, Ақтау қаласы Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Аллаева Рухсора, Дзюдодан Қазақстан Республикасы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Имашев Айбек, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан өндірістік филиалы «Өндірістік-техникалық бөлімінің» жетекші маманы Мақатов Дулат, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Фазылбек Абылай, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Мағдатов Наурызбек қатысты. Салтанатты жиынды алғаш боп ашқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы бүгінгі алқалы отырыстың маңыздылығын атап, жастардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Бүгінгі «Бірлік лагері» деп аталатын жиынның мақсаты - еліміздің әр түкпірінен жиналған жас өрендердің басын біріктіру. Яғни, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы еліміздің береке,бірлігін одан әрі нығайту. Ал, ауқымды шараның Маңғаз Маңғыстауда өтуінің басты себебі - ол «Рухани жаңғыру» және «Киелі Маңғыстаудың жеті қыры» туризм саласын дамыту. Жастарымызға ұлтымыздың тұрмысын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін, ғасырлар бойы сабақтасқан ұлттық санамызды жаңғыртып, киелі мекендегі ауылдардың тыныс-тіршілігін таныстыру.

Сондай-ақ өңірдің киелі жерлеріне Шопан Ата, талай туристер таңдай қағып, тамсанған Маңғыстаудың тұмса табиғатымен үндескен Бозжыра мекеніне саяхат құру. Шараға еліміздің әр түкпірінен келген меймандар «Бірлік лагерінің» маңыздылығын жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі зор екендіктерін алға тартты. Одан бөлек, болашақта жастардың араласуымен жүзеге асатын жобалар пысықталып, тиімді тұстары талқыланды.
Шара соңында белсенді жастар Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың марапатын иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті