23 Шілде, 2018
833
Ақтаулықтар Денис Тенді еске алды
Әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасы Ақтау тұрғындары үшін де ауыр тиді. Бүгін «Ақтау» ойын-сауық орталығындағы мұз айдынында даңқты спортшыны еске алу шарасы өтті. Әлемдік ареналарда еліміздің мерейін асқақтатқан спортшының талантына бас иетін жұртшылық оның суретіне гүл шоқтарын қойды. Еске алу шарасына этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты.
«Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова-Хван: «Біз моральдық жағынан бай, патриот жігіттен айырылдық. Денис тек қана Корей елінің мақтанышы емес, сонымен қатар Қазақстанның туын әлемге желбіреткен біртуар ұл. Ұлты басқа болғанымен, жүрегі «қазақ» деп соққан қазақ елінің батыры, чемпионы болатын. Денис Тен — ұлы спортшы. Елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлкен септігін тигізді. Оның қазасы бәрімізге де өте ауыр тиді. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Мәнерлеп сырғанаудан Денистің есімі ел есінде қалатын болады. Кәріс этномәдени бірлестігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Маңғыстау облысы, басқа да этномәдени бірлестіктер мүшелері, қала тұрғындары еліміздің батыр ұлын еске алып, марқұмның отбасына көңіл айтамыз».
Сонымен қатар «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Алексанович, МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Амангуль Абдыгалиевна спортшы Денис Теннің қазасына ортақтасып, отбасына, бауырларына көңіл білдірді.
Еске алу шарасы соңында барша жиналған қауым орталыққа шығып, Денистің 25 жасқа толып өмірден өтуіне байланысты 25 ақ шарды көкке ұшырды. Жаның жәннатта болсын, Денис!
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті