Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Желтоқсан, 2015

725

Ақтаулықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін барша маңғыстаулықтар ерекше атап өтті. Айтулы күнге орай облыстың түкпір-түкпірінде концерттік бағдарламалар, спорттық сайыстар мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. 

1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін барша маңғыстаулықтар ерекше атап өтті. Айтулы күнге орай облыстың түкпір-түкпірінде концерттік бағдарламалар, спорттық сайыстар мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды.

Іс-шара ұйымдастырушылары Ақтау қалалық әкімдігі.

  

Тағылымды шараның бірі Ақтау қаласындағы Астана сауда орталығының алдында ұйымдастырылды. Мерекелік шараға жиналған қауымға мұнайлы аймақ өнерпаздары ән мен биден, күй мен жырдан шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Концерттік бағдарламаға Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының өнерпаздары да қатысты. Атап айтар болсақ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Ислам Музаев, «Русское землячество» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Николай Федотов пен «Қазақ тілі» қоғамының атынан Азамат Айтпаев өнер көрсетіп, жұртшылықты әсем ән мен тәтті күйге бөледі.

  

Концерттік бағдарлама барысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт Жоспары – 100 қадам атты ақпараттық парақшасын жиналған қауымға таратты.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай