11 Қазан, 2024
346
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2024 жылғы 11 қазанда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Парламент депутаттары, ҚХА Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және ҚХА қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шарада Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралып, сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды. Сонымен қатар, 2025 жылы ҚХА-ның 30 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері алға тартылды.
ҚХА Төрағасының орынбасары өз сөзінде ҚХА қайырымдылық акцияларына белсенді қатысатын Ассамблеяның белсенді мүшелеріне алғысын білдіріп, қоғамымыз бен мемлекетіміздің бірлігін нығайтуға, жастарымызда дұрыс құндылық бағдарларын қалыптастыруға ықпал ететін ҚХА-ның 13 арнайы жобасын атап өтті.
Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Айзада Құрманова 2025 жылы ҚХА-ның 30 жылдығына арналған жоспарланған іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Атап айтқанда, ол Ассамблеяның 30 жылдығын мерекелеу аясында бүкіл ел бойынша және шетелде кемінде 1,5 млн адамды қамти отырып, түрлі форматтағы 150-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отырғанына тоқталды.
Сондай-ақ ҚХА Кеңесінің мүшелері ҚХА Республикалық этномедиация кеңесі, ҚХА шығармашылық ұжымдарының қауымдастығы, Студенттік Ассамблея туралы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі жанындағы Жас ғалымдар клубы туралы ережелерді бекітті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55