
16 Қараша, 2020
1532
Абай қаласында Абай ескерткіші ашылды
Қарағанды облысы Абай қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашылды. Бейбіт Мұстафиннің қолынан шыққан монументтің биіктігі он метрге жуық. Қоладан құйылған ескерткіш мәдениет үйінің алдындағы алаңға орнатылды.
Шараға өңір басшысы Жеңіс Қасымбек, мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдірахманов, Қазақ ұлттық ғылым академиясының академигі, абайтанушы Ғарифолла Есім, ақын-жазушылар, Қарағанды облысы ҚХА өкілдері мен қала қонақтары қатысты.
- Биыл еліміз Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл ұлттың рухани дамуына және халықтың бірлігіне ықпал етеді. Біздің облыста мерейтойлық датаға арналған жүздеген іс-шаралар өтті. Бүгін біз қазақ халқының ұлы ұлына тағы да құрмет көрсетеміз, - деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек ескерткіш ашылуында.
Іс-шара Сейфуллин атындағы театрда "Жас Абай" спектаклімен және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде "Ұлы Абайдың мұрасы - ұрпаққа тағылым" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясымен жалғасты. Оған ZOOM және офлайн режимінде шетелдік және қазақстандық абайтанушы ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар Абайдың әлемдік рухани құндылықтар қазынасына қосқан үлесі және оның шығармашылығының жалпы әдебиеттің дамуына әсері туралы айтты.
Ғарифолла Есім, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, абайтанушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Абай туралы әлемнің әрқилы еңбектерінде жатталмаған кітап сөздерімен емес, жүрек қалауымен айта бастағанын атап өтті. Сол арқылы Абайдың шығармашылығы мен тұлғасы көпшілікке жақын болды.
Конференцияда Абайдың мұрасы, оның рухани-адамгершілік құндылықтары және әлемдік әдебиеттегі шығармашылығының рөлі туралы баяндамалар оқылды.
- Абай-қазақтың ұлы ақыны және ойшылы. Биыл біз Абайдың 175 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Әлемдегі жағдайға қарамастан, мерейтой ауқымды және жоғары деңгейде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша 10 тамыз Абай күні болып жарияланды. Мерейтойлық жыл шеңберінде этномәдени бірлестіктердің барлық өкілдері Абай оқуларына, онлайн фестивальдар мен акцияларға қатысты. Ғылыми байқаулар, конференциялар өткізілді, - дейді "Полония" поляк мәдени қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский.
Конференция соңында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институты Қарағанды университетінің кітапханасына "Абай академиясы" сериясындағы кітаптарды сыйға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы